28 қараша күні Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылының нөмірі 17 өрт сөндіру бөлімінің басшысы Олжабай Бекжан Алдабергенұлы, мектептің 10, 11 сынып оқушыларымен кездесу жүргізді. Кездесуде ТЖМ-нің жалпы қызметі туралы ақпаратпен бөлісе отырып, болашағын өрт сөндіру мамандығымен елестетсе, қызығушылық танытып жатқан оқушыларға кеңестер айтылып, әр түрлі мысалдар келтірілді. Сонымен қатар Көкшетау қаласындағы өрт сөндіру оқу орыны жайлы бейнеролик көрсетілді. Іс-шара соңында оқушыларға жадынамалар таратылды. Кәсіби бағдар беруші З.Г. Шарипова. #біртұтастәрбие#біртұтас_тәрбие#біртұтастәрбиебағдарламасы #oqu_agartu_ministrligi #
Жаңалықтар
17 өрт сөндіру бөлімінің басшысымен кездесу





